Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:00, 18 Ақпан 2022

Мынау «ескі Қазақстан»

None
None

Бір Қазақстанды білгенінше тонап отырғандардың бұл тірлігі әшкере болған кезде олар – «Жаңа Қазақстан» құрамыз деген екен.

Кейбірінің ғана қызметі ауысқаны болмаса, бұлардың бәрі аман қалды! Сол баяғы басшы-қосшылар, бұрынғы Қазақстанды сорлатып келген бұлардың, тіпті, «Жаңа Қазақстанды» ебін тауып жаңаша тонау, халықты бұл жолы басқаша алдау да қолдарынан келмейді екен.

Қаралы қаңтар сабақ болмады. Бүкіл қазаққа, елдің өркендеуіне зиян, бірақ олигархтарға ғана тиімді утильсбор да аман қалды. Алматының ақылы тұрақтары әлі тұр. Тура бұрынғыдай, халықтың қалтасын қағып. Жығылғанға жұдырық болғандай, экологиялық бекеттер де баяғыдай, ескі-құсқы көлігімен көшеге шыққан кілең кедей қазақты тағы қылқындыруға кірісті.

Иә, қазақ қаңтардан кейін «осыдан кейін жойылады, жоқ болады, алып тастайды», деп үміттенген қыңыр-қырсық нәрселердің бәрі қалды. Қайтсін енді қу байлар, шынымен, бәрін құрта салайын десе, бәрі тек өздеріне ғана пайдалы былықтар еді. Ақша деп әбден адасып кеткен санасыздар отыз жыл бойы Қазақстанның барлық жеріне құрып қойған қақпан-қармақтарын өлсе де суырмайды.  

Кеше ақшаға сатылатын блогерлерді шақырып алып, Ресейден дайын боп келген трактор мен комбайнды көрсетіп, «бұл Қазақстанда жасалған» деп бұрынғы өтіріктерінен әлі таймады. Қорықпайды-ау, қорықпайды. Бұрынғы Қазақстанда елді адастырып, алдап, сайрап келгендердің бәрі қайтадан бұрынғыдай сайрай бастады. Түк ұялмай, «Жаңа Қазақстан» дейді, ә?

Бір қауіпті қаңтардан бәрі де аман қалды ғой...

Тегтер: