Ң әрпін қалай жазамыз?

Қазіргі таңда латын әліпбиінекөшумен байланысты кейбір әріптердің таңбалануына қатысты әртүрлі ұсыныстар,пікірлер айтылып жүргені белгілі.
Сондай әріптердің бірі ңәрпінің латын графикасында таңбалануымен байланысты болып отыр. Жаңа қазақ латын әліпбиінің бірнеше нұсқасында /ң/ әрпі әртүрлі таңбаланды: /Ńń/, /Ŋŋ/,/Ng ng/, /N’n’/,/Ňň/, /Ŋŋ/. Қазақтілінде /ң/ әрпі сөз басында кездеспейді, сөз ортасы мен аяғындакелетіні белгілі. Тек О.Әубәкіровтің «Ңөң» деген өлеңінде ғана /ң/ әрпі сөзбасында келіп отыр. Фонетикалық сипаты: тіл ортасы/тілшік, тоғысыңқы, үнді дауыссыз дыбыс.
Тарихқакөз жүгіртер болсақ, 1929 жылы ресми түрдежарияланған қазақтың латын әліпбиінде /ң/ әрпі /ŋ/ графемасыментаңбаланған. Мысалы, çаŋа, keŋes, eŋbekci,tilimizdiŋ.Бас әрпі болмады. Бұл тек /ң/ әрпіне ғана емес, барлық әріпкеқатысты болды. Н.Әміржанованың зерттеуінде «1929 жылы латын графикасынегізіндегі әліпбиге көшкеннен кейін талқыға түсіп тұрған «Бас әріп»айтыс ағарту майданында көңіл бөлерлік орын алды. Осы аралықта мерзімді басылымбеттеріндегі жалқы есімдер, қысқарған сөздер, саяси ұйымдар, кәсіпорындар меноқу орындардың, мекемелердің, газет, журнал, кітап, шығарма аттары 1930 жылғадейін кіші әріппен таңбаланды», - деп беріледі.Сөйтіп 1930 жылы Қазақстан Орталық Атқару комитетінің қаулысымен бас әріп таңбасы бекітіледі. Сонымен /ң/әрпінің бас әрпі /Ŋ/ таңбасымен,алкіші әрпі/ŋ/графемасыментаңбаланды. Бұл әріптің таңбалануында да бірнеше ұсыныстар болды. Айталық,Н.Төреқұловтың 28 әріптен тұратын алғашқы әліпбиінде ˂ң> фонемасының кіші /ŋ/ әрпімен ғана таңбаланып, бас әрпі болмағанынзерттеулерден көруге болады. Кейінгі жобасында бас әрпі /Ŋ/ таңбасымен, кіші әрпі /ŋ/ түрінде берілді. АлХ.Досмұхамедұлы, М.Мырзаұлының жобаларында дауыссыз [ң] дыбысы /Ņŋ/әрпімен таңбаланды. Сол сияқты Т.Шонанұлының әліпбижобасында да /ң/ фонемасының бас әрпі /Ŋ/таңбасымен, ал кіші әрпі /ŋ/ әрпімен таңбаланды.
Сондақазіргі әліпби жобаларында ұсынылып жүрген /ŋ/ әрпі 1929-1938 жылдардағы қазақтың латын әліпбиіндегіәрпімен сәйкес келеді деуге болады. Сонымен қатар латын әліпбилі түркі тілдесхалықтардың ішінде түрікмен әліпбиінде /Ŋ, ŋ/ әрпі жазылады. /Ŋ, ŋ/ әрпі ағылшын-латынәліпбиінде жоқ болғанымен, кеңейтілген латын әрпінде бар және халықаралықфонетикалық әліпбиде тіл арты, мұрынжолды дыбысты береді.
Қазақ тілінде /ң/әрпімен басталатын сөз жоқ екені белгілі. Осымен байланысты /ң/ графемасыныңбас әрпін таңбаламасақ та болады деген пікірлер де бар. Алайда атауларды жазудасөзді тұтас бас әріппен жазатын кезде /ң/ әрпінің үлкейтілген шрифтісіқолданылады. Мысалы, ТАУ СҰҢҚАР медициналық орталығы, СҰҢҚАР тобы.
Қорытакелгенде, /ң/ әрпінің /Ŋ, ŋ/ таңбасымен берілуітарихи сабақтастықты қамтиды, халықаралық фонетикалық әліпбидегі дыбыстық сипатын сақтайды. Соныменқатар тез жатталады, себебі қазіргі кирилдегі таңбасына жуықтайды. Қол үзбейкелесі әріппен жалғастырып жазылатындықтан, жазуда оңтайлы болып келеді әріқолдағдыны оңай қалыптастырады. Көзтанымды жеңілдетеді, себебі әріпүсті,әріпасты диакритикалық таңбалары жоқ.
Жанар Жұмабаева
А.Байтұрсынұлы атындығы Тіл білімі институтының аға ғылыми қызметкері, ф.ғ.к