«Нан таппай қаламыз ба?!» - халықты үрей билеп тұр

Әлемдік пандемияның пәрмені қос өкпеден қысқалыхалық арасында күмән мен үрей дендеп тұр.
Тіпті «күзге таман экономикада қаттытоқырау басталады, жұмыссыздық етек алып, нан таппай қалу қаупі басым болады» дегенболжамдар да айтыла бастады. Қарапайым халық қазір осындай пікірлерге сеніпқалып жатыр. Өйткені осы уақытқа дейін үкіметтің «барлығы жақсы» дегеніненқұлағы сарсыған ел өз бетінше қарекет етуге көшті. Тіпті мына індеттен өзін-өзіемдеп, қиындықта өз жарасын өзі таңып, қажетті дәрі-дәрмекпен, тыныс алуаппараттарына дейін бірлесіп ақша жиып, өзі сатып алған елдің атқарушы билікке ендігіайтары «сенгенім сен болсаң» дегенге саяды.
Наурыз айында төтенше жағдайбасталған тұста «ашықтық» деп алақан жайғандардың қарасы көп болды. «Жас Алаш»бұған қатысты бірнеше зерттеу мақалалар жазды. Қазірдің өзінде қоғамда күнсайын жағдайын айтып жабыққан жандардың қатары көп. «Бірді-бірге жеткізе алмайотырмыз, жағдайымыз өте төмен, ашығып қалдық» дегендердің басым бөлігі бүгінде«енді бізге көмектесетіндер болмаса, азық-түлік тапшылығына ұрынып, нан таппайқалмаймыз ба» деген сауал төңірегінде бас қатыра бастады. Ал сала мамандары «қажеттішараларды қабылдай алсақ, бұл қиындықты да еңсерер едік» дейді.
Халық ет пен нанды үнемдей бастапты
«Іздегенге – сұраған» дегендей, елдегі«Аналитик» әлеуметтік-экономикалық консальтингтік-зерттеу орталығы осығанбайланысты республика халқының бір жылда қанша азық-түлік тұтынғанын санамалап көріпті.Орталықтың экономист-сарапшысы ОлегЛурьевтің айтуынша, Қазақстан халқы қазіржыл сайын жан басына шаққанда 40-45 келі ет,100 келі нан, ай сайын жан басынашаққанда 20 литрдей сүт тұтынады екен.
Осыған орай,сарапшы Олег Лурьев былай дейді: «Қазірәлем жұртшылығы азық-түлік дағдарысына ұшыраудың алдында тұрғанда, үкіметтіңкүнде бас ауыртып ойланатын өзекті жайттарының бірі осы болуы қажет. Бір айда халыққақанша ет, сүт, нан қажет? Халық ай сайын қанша мөлшерде азық-түлік тұтынады?Отандық өнімнің үлесі қанша? Осы жағы есепке алынуы тиіс. Мысалы, 1960-70жылдары Қазақстан халқы адам басына шаққанда жылына 50 келі ет жепті. Ал 1990 жылдары бұлкөрсеткіш 70 келіге дейін жеткен. Ал қазір қазақтың саны өсіп жатыр дейміз,адам басына шаққанда орташа бір жылда жейтініміз – 40-45 келі ет. Бағамдасақ,1960 жылғы көрсеткішке дейін төмендеп кеткенбіз. Біз нанды пайдалануда дажоғары көрсеткішке жетпеппіз. 1960 жылы 140 келі нан жесек, қазір жан басынашаққанда жыл сайын 100 келі нан жейді екенбіз. Бұл өтетөмен көрсеткіш. Сондықтан нақ қазір біз үшін азық-түлік қауіпсіздігін қайтақарау қажет.
Елді ашықтырмаудың жолы не?
Р Мамандардың пайымдауынша, біз үшіназық-түлік қауіпсіздігін сақтау шараларын сауатты меңгеру өте маңызды. Бұлретте мамандар «қазіргідей қиын сәтте халықтың ас-ауқатын осы бастан жүйелегенабзал» деп отыр.Айтуларынша, алдағыуақытта біз елімізде азық-түлік өнімдерін өндіретін өндірісшілер саусақпенсанарлықтай екенін ескеруіміз керек. Олардың өзі ішкі нарықты қамтамасыз ете алмай отыр. Біз шұжық,сүт-айран, сүзбе, сары майды шетелден әкелеміз. Жетіспейтін өнім түрлерін шетелдік тауарлартолтырады. Айналып келгенде, азық-түліктің 40 пайызы ғана өзімізде дайындалады.Әлемдік стандарт бойынша әр ел азық-түліктің 84 пайызын өзінде шығаруы тиіс. Өйтпегенкүнде ұлттық азық-түлік қауіпсіздігі әлсіз болады да, ондай ел азық-түліктапшылығына жиі ұшырайтын көрінеді.
Тақырыпқа тұздық
Материалдық базамызды нығайту керек
Тақырыпқаорай, бізге пікір білдірген ауыл шаруашылығы ғылымының докторы Ертай МОЛДАЖАНОВбылай деді:
– Қазақстан тәрізді негізгіфундаменті аграрлық ел болып қалыптасқан мемлекетке тек мұнай-газ саласына ғанаиек арту қолда бар мүмкіндікті бос жіберу деген сөз. Азық-түлік нарығындағы беделімізді көтеру үшін алдыменматериалдық базамызды нығайтуымыз керек. Біз экспортқа астық шығарудан озықпыз.Бірақ басқа саладан құралақанбыз. Бізде өсімдік өсіру саласы мен мал шаруашылығыда тұралаған. Жеміс-жидекті өзбек пен қытайдан тасып, инфляцияның еселенуінеөзіміз жағдай туғызып отырмыз. Ауылдағы ағайын өндірген сүт-айранын, етінсатуға шығара алмай әлек. Осы күнге дейін өнімді шаруаның қолынан тікелейбазарға шығаратын сату жүйесі орнаған жоқ. Арадағы делдалдар бағаны өсіріп,табысқа белшесінен батып жүр. Ауылға қаржы бөлуде де делдалдықтан арыла алмайотырмыз. Осы кемшіліктерді жойып алмай, азық-түлік өндіруде бәсекеге қабілетті болаалмаймыз. Сондықтан алдымен осы жайттарға мән берілуі тиіс. Сондабіздің ел «болашақта азық-түлік таппай қалмаймыз ба, нан таппай қаламыз ба»деген сауалдарға бас қатырмайтын болады. Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ