Бүгін, 10:15
NASA басшысы Қазақстанға келуді жоспарлап отыр
NASA басшысы Джаред Айзекман Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз» ғарыш кемесінің ғарышқа сапарына қатысуды жоспарлап отыр.
Америкалық ғарыш ведомствосының баспасөз қызметі ТАСС агенттігіне хабарлағандай, ұшыру шарасы 2026 жылдың шілдесінен ерте емес уақытқа белгіленген.
Бұл миссия аясында NASA астронавты Анил Менон «Союз МС-29» кемесімен Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) өзінің алғашқы сапарына аттанады деп жоспарланған. Онымен бірге экипаж құрамында «Роскосмос» ғарышкерлері Петр Дубров пен Анна Кикина болады.
NASA-ның атап өтуінше, агенттік басшысының сапары халықаралық ынтымақтастықты дамытумен де байланысты. Айзекман ХҒС жобаларына қатысушы серіктес елдердің ғарыш агенттіктерінің басшыларымен кездесулерін жалғастырмақ.