09:03, 28 Қараша 2022
Наталья Годунова Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы болды

Наталья Годунова Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы болды. Тиісті жарлық Ақорданың сайтында жарияланды, — деп хабарлайды Жас Алаш.
«Наталья Николаевна Годунова Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы лауазымына тағайындалсын», — делінген хабарламада.
Мемлекет басшысы өз Жарлығымен Тілеген Қаскин мен Ардақ Теңгебаевты да Қазақстан Республикасы Жоғарғы есеп палатасының мүшелері етіп тағайындады.