НАТО әуе кеңістігіне кірген Ресей ұшақтарын атуға дайын – Еуропа ескерту жасады

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Еуропа дипломаттары Мәскеуде өткен келіссөздер барысында Кремльге ресми түрде ескерту жасаған.
Егер Ресей әскери ұшақтары НАТО әуе кеңістігін тағы да бұзса, оларды атып түсіруге дайын.
Өткен аптада үш МиГ-31 ұшағы Эстония әуе кеңістігін бұзғаннан кейін, Ұлыбритания, Франция және Германия елшілері Мәскеуде Ресей өкілдерімен кездесті. Еуропа дипломаттарының пікірінше, бұл әдейі жасалған тактика болған және ол Ресей әскери басшылығының бұйрығымен жүзеге асқан.
Ресейдің жауабы
Ресейлік шенеуніктер Эстония аумағына кіргенін жоққа шығарып, бұл әрекет «НАТО-ның дайындық деңгейін тексеру» емес екенін алға тартты. Дегенмен, Bloomberg жазуынша, келіссөз кезінде ресейлік дипломат мүны Украина Қырымға жасаған шабуылдарына жауап деп атаған.
Кремль мұндай операциялар НАТО қолдауынсыз мүмкін емес деп санайды.
Айта кетейік, жақында Польша аумағына да ресейлік дрондар кірді. Польша ресейлік 19 дронды атып түсірді. ЕО Ресей НАТО әуе кеңістігін әдейі бұзды деп айыптаса, Ресей мұны жоққа шығарды.