НАТО бас хатшысы Зеленскийді Шольцты қатаң сынамауға шақырды
Марк Рютте Зеленскийдің Германия канцлерін қатаң сынауын әділетсіз деп атады. Киев Германияның әскери қолдауына «алғыс айтуы мүмкін», - деді НАТО бас хатшысы.
НАТО бас хатшысы Марк Рютте Украина президенті Владимир Зеленскийдің Германия канцлері Олаф Шольцты қатты сынға алуын негізсіз деп санайды. «Мен Зеленскийге Олаф Шольцты сынауды доғару керегін жиі айттым, өйткені бұл әділетсіз деп ойлаймын», - деді Рютте DPA-ға берген сұхбатында.
НАТО Бас хатшысы Шольцтың Украина үшін жасағаны «әсерлі» екенін атап өтті. «Ол Украинаға әскери қолдау көрсету бойынша Германияның АҚШ-тан кейін екінші орын алуына ықпал етті», - деді Рютте.
Сонымен бірге Солтүстік Атлантикалық альянс басшысы Шольцтен айырмашылығы, Украинаға TAURUS ұзақ қашықтыққа ұшатын қанатты зымырандарды жеткізуге бұйрық беретінін және оларды пайдалануды шектемейтінін ашық айтты. «Біз мұндай мүмкіндіктер Украина үшін өте маңызды екенін білеміз», - деді Бас хатшы. Дегенмен, dpa атап өткендей, одақтастардың Украинаға қандай қару-жарақ жеткізуі керектігін Рютте шеше алмайды.