Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:00

НАТО Ресей дрондарының Польша аумағына кіруіне жауап ретінде операция бастағанын жариялады

польша
Фото: Getty Images

НАТО Бас хатшысы Марк Рютте Ресей дрондары Польшаның әуе кеңістігіне кіргеннен кейін Еуропаның шығыс қанатын қорғауды күшейту мақсатында «Шығыс күзетшісі» (Eastern Sentry) операциясы басталғанын мәлімдеді.

 Бұл туралы Reuters хабарлады.

«Бұл – ақылға қонбайтын әрі мүлде қабылданбайтын жағдай. Біз Ресей дрондарының одақтас елдердің әуе кеңістігіне енуіне жол бере алмаймыз», – деді Рютте.

Оның сөзінше, миссияға Дания, Франция, Ұлыбритания және Германия қосылған. Ал операцияның өзге егжей-тегжейі әзірге жарияланған жоқ.

Франция президенті Эммануэль Макрон Польша әуе кеңістігін қорғау үшін Rafale жойғыш ұшақтарын жіберуге уәде берді.

11 қыркүйекте Польша одақтастарынан Ресей шабуылынан жақсырақ қорғану үшін әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері мен дрондарға қарсы қосымша технологиялар беруді сұрады.

Ал 10 қыркүйекте НАТО күштері Ресейдің Украинаға жасаған кең ауқымды әуе соққысы кезінде Польша шекарасын кесіп өткен дрондарды атып түсірген болатын.