Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:55

НАТО Ресей дрондарының Польшаға кіруін тікелей шабуыл деп санамайды

НАТО-ның штаб пәтері
Фото: REUTERS

НАТО Польша әуе кеңістігін ресейлік дрондардың бұзғанын тікелей шабуыл деп бағаламайды, деп хабарлайды Reuters Солтүстікатлантикалық альянс құрылымдарындағы дереккөздерге сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, 6-дан 10-ға дейін ресейлік дрон Польша аумағына әдейі кірген. Бұл оқиға – НАТО күштері өз әуе кеңістігіндегі ықтимал қауіпке қарсы тұру үшін алғаш рет авиация көтерген жағдай.

НАТО күштерінің реакциясы

Түнгі операцияға Польша әуе күштерінің F-16 истребительдері, Нидерландтың F-35 ұшақтары және Италияның AWACS радиолокациялық барлау ұшақтары қатысқан.

Аймақта орналасқан Patriot әуе қорғаныс жүйелері дрондарды радардан байқағанымен, қару қолданылмаған.

Айта кетейік, Польша аумағына кірген дрондардан Еуропа елінде алаңдаушылық туған. Әскерилердің хабарлауынша, ресейлік дрондар бірнеше мәрте Польша әуе кеңістігін бұзған. Радарларда 10-нан астам нысан анықталып, қауіпті деп танылғандары жойылған.

Польша астанасындағы ең ірі әуе айлағы – Шопен әуежайы да уақытша жабылды. Flightradar24 дерегінше, қонуы тиіс бірнеше рейс басқа әуежайларға бағытталған. АҚШ Федералды авиация әкімшілігі де Шопенді Польшадағы уақытша жабылған төрт әуежайдың бірі деп атады. Олардың қатарында Украинаға жолаушы және қару-жарақ жеткізуде маңызды саналатын Жешув–Ясионка әуежайы да бар.

Ресей Қорғаныс министрлігі әзірге жағдайға қатысты түсініктеме берген жоқ.

Тегтер: