Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:41

НАТО Ресей шекарасына әскер жеткізу уақытын барынша қысқартпақ

Ақш
Фото: reuters

Еуропа Одағының қазіргі есептеуінше, НАТО әскерлері мен ауыр техникасын Батыс Еуропаның стратегиялық порттарынан Ресей мен Украинаға шектес шығыс қанатқа жеткізу үшін теориялық тұрғыда шамамен 45 күн қажет.

 Financial Times жазғандай, енді бұл мерзімді 3-5 күнге дейін азайту жоспары ұсынылмақ.

Германияны осы операцияға дайындауға жауапты генерал-лейтенант Александр Золфранк журналистерге НАТО-ның барлық элементтері дәлдікпен, ұйымдасқан түрде жұмыс істеуі тиіс екенін айтқан.

Әскер саны мен техника көлемі құпия, бірақ болжамдар дұрыс

Financial Times дерегінше, әскерді тасымалдау бағыттары мен нақты көлемі құпияланған. Дегенмен НАТО дипломаттары сарапшылар болжаған шамаларды «жалпы алғанда дұрыс» деп бағалаған:

  • 200 мыңға жуық әскери қызметкер,
  • 1500-ге жуық танк,
  • 2500-ден астам өзге бронетехника,АҚШ, Канада және Ұлыбританиядан Еуропа арқылы шығыс шепке жеткізілуі мүмкін.

Еуропаның инфрақұрылымы дайын емес

Мұндай ауқымды тасымал үшін ЕО елдері логистикалық кедергілерді жоюы тиіс. Балтық елдері (Эстония, Латвия, Литва) Rail Baltica жобасын жүзеге асырып жатыр – бұл теміржол НАТО операцияларына бейімделген. Германия – НАТО жоспарының негізгі хабы  өз жолдарын кең көлемде жаңартуы қажет. ЕО көлемінде жаңартуды қажет ететін 2800 «қиын учаске» анықталған, бірақ Брюссель бұл тізімді 500 нүктеге дейін қысқартқан.

Қазір бейбіт кезеңдегі тәртіп бойынша әр ел әскер қозғалысына бөлек кеден, еңбек нормаларын талап етеді. Бұл НАТО оперативтілігін тежейді.

ЕО «әскери Шенген» деп аталатын жаңа жүйені әзірлеп жатыр, оның мақсаты – армиялар мен әскери техника шекарадан кедергісіз өтуі.

2028-2029 жылдары соғыс қаупі?

Германияның қорғаныс министрі Борис Писториус жақында берген сұхбатында: "Ресей 2028 немесе 2029 жылы НАТО-мен соғыс бастауы мүмкін, Ресей шабуыл жасайтын елдер – Эстония, Латвия, Литва болуы мүмкін" деп ескерткен.

Ал Владимир Путин бірнеше рет Ресей НАТО-ға шабуыл жасамайды деп мәлімдеген.

Тегтер: