Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:17

НАТО Солтүстік Еуропа қорғанысы бойынша штабты АҚШ-қа көшіреді

НАТО-ның штаб пәтері
Фото: REUTERS

НАТО 5 желтоқсаннан бастап Дания, Швеция және Финляндияның қорғаныс жоспарларын әзірлеу міндетін Нидерландиядағы штабтан АҚШ-та орналасқан қолбасшылыққа ауыстырады. Бұл шешім «Евроатлантика аймағын барынша нығайту қажеттілігімен» түсіндірілді.

Альянс мәлімдегендей, Дания, Швеция және Финляндияның қорғаныс жоспарларын дайындау енді Нидерландияның Брюнсюм қаласындағы операциялық штаб емес, АҚШ-тың Норфолк қаласында орналасқан НАТО қолбасшылығының құзырында болады. Бұл туралы Еуропадағы НАТО-ның Құрама қарулы күштері қолбасшысы Алексус Гринкевич хабарлап, мәлімдеме 4 желтоқсан күні альянс сайтында жарияланды.

Өзгерістер 5 желтоқсаннан бастап күшіне енеді. Осыған байланысты Финляндияда салтанатты рәсім өтеді. 

22 қараша күні Нидерландияның екінші ірі әуежайы — Эйндховен (Брюнсюмнан 80 км жерде орналасқан) үстінде бірнеше дрон байқалғаннан кейін екі сағатқа жұмысын тоқтатты. Бір күн бұрын Қорғаныс министрлігі Эйндховеннен 40 км қашықтағы Волкел ауылындағы әскери авиабаза үстінен дрондарды атып түсіру үшін қару қолданылғаны туралы хабарлаған еді.

Күз басталғалы Еуропаның басқа елдерінде де әуежайлар мен өзге нысандар үстінде дрондарға байланысты көптеген оқиғалар тіркелді. Мұндай жағдайлар Германияда, Данияда, Бельгияда, Швецияда, Норвегияда және Польшада орын алған.

Аталған эпизодтар аясында Данияның арнайы қызметтері Ресейдің Батыс елдеріне қарсы гибридтік соғыс жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Алайда Еуропа әуе кеңістігіндегі дрондардың Ресейге байланысы бар екенін дәлелдейтін айғақтар жоқ. РФ президенті Владимир Путин бұл айыптауларды жоққа шығарды.

Тегтер: