НАТО Трамп жеңіске жеткен жағдайда Украинаны қолдау шараларын дайындады - WSJ
НАТО АҚШ-тағы сайлауда Трамп жеңіске жеткен жағдайда Украинаға ұзақ мерзімді көмек көрсету шараларын дайындады. Бұл туралы The Wall Street Journal ақпарат көздеріне сілтеме жасап хабарлады.
Атап айтқанда, альянс Украинаға әскери жеткізілімдерді үйлестіруге жауапты жоғары лауазымды шенеунікті жібермекші, деп хабарлайды басылым дереккөздерге сілтеме жасап. Сонымен қатар, НАТО Германияның Висбаден қаласында техника мен қару-жарақ жеткізуді, сондай-ақ Украина қарулы күштерін оқытуды үйлестіру үшін жаңа қолбасшылық құруды жоспарлап отыр.
Газеттің хабарлауынша, «НАТО – Украинаға қауіпсіздік пен оқытуға көмек» деп аталатын операцияға АҚШ пен басқа одақтас елдердің 700-ге жуық әскери қызметкері қатысады.
АҚШ-тың НАТО-дағы бұрынғы тұрақты өкілі Иво Даалдер енді Украинаға көмек көрсету үшін альянстың өзі жауапты болатынын түсіндірді. «Сондықтан АҚШ бұл күш-жігерді қолдауды азайтса немесе тоқтатса да, олар жойылмайды», - деп қосты Даалдер.
Мұндай шараларды әзірлеу бірнеше ай бұрын басталды, дегенмен, газет атап өткендей, олар президент Джо Байденнің Трамппен теледебатта әлсіз өнер көрсетуінен кейін мұндай шараның өзектілігі арта түскен.
Алдағы 9-11 шілдеде Вашингтонда өтетін альянс саммитінде Украинаны қолдаудың жаңа шаралары жарияланады деп күтілуде.