Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:41

НАТО Украинаға тағы қару алуға 15 млрд доллар бөлмек

Украина
Фото: из открытых источников

АҚШ-тың НАТО жанындағы тұрақты өкілі Мэттью Уитакердің мәлімдеуінше, альянс Украинаға AҚШ қаруын сатып алу үшін 15 млрд доллар көлемінде қосымша көмек бөлуі мүмкін.

 Бұл қаржыландыру жаңа PURL бағдарламасы аясында жүзеге асырылады, ал шығынды Вашингтонның одақтастары көтермек.

Bloomberg Television-ге берген сұхбатында Уитакер былай деді:

«Біздің қолымызда шамамен 2 млрд доллар бар немесе одан да көп. Бұл қаржы алдағы бірнеше айда бөлінеді деп үміттенеміз. Ал 2026 жылға қарай тұрақты түрде 12–15 млрд доллар бөлу жоспарланып отыр – бұл Украина қорғанысы үшін аса маңызды қару-жарақ сатып алуға қажет».

НАТО елдері биыл Украинаға шамамен 2 млрд доллар, ал 2026 жылы 12–15 млрд доллар көлемінде қаржылай қолдау көрсетуге дайын екендігін растады.

PURL бағдарламасы деген не

Prioritised Ukraine Requirements List (PURL) — яғни «Украинаның басым әскери қажеттіліктер тізімі» атты бағдарлама 2025 жылдың шілдесінен бастап күшіне енген. Бұл бағдарлама НАТО мен АҚШ президенті Дональд Трамп арасындағы келісім негізінде іске қосылған.

Бағдарлама бойынша альянс елдері мен серіктестері Киев ұсынған қажеттіліктер тізіміне сәйкес АҚШ-та өндірілетін қару-жарақты сатып алып, Украинаға жеткізеді.

Украина президенті Владимир Зеленский биыл 17 қыркүйекте жасаған мәлімдемесінде,
PURL бағдарламасы аясында қазірдің өзінде 2 млрд доллардан астам көмек алғанын,
жыл соңына дейін бұл сома 3–3,5 млрд долларға жетеді деп үміттенетінін айтқан.

Бұл қаржыға, атап айтқанда,

  • Patriot әуе қорғаныс жүйесінің зымырандары,
  • және HIMARS реактивтік жүйелеріне арналған оқ-дәрілер сатып алынған.

Жаңа қаржыландыру Украинаға ұзақ мерзімді әскери қолдау көрсету мақсатында жоспарланып отыр.

Тегтер: