Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:20, 27 Тамыз 2020

Науқастардың 85 пайызы емделіп шықты

None
None

Шымкентте коронавирус дертіне шалдыққан науқастардың 85 пайызы емделіп шыққан. Бұл жөнінде бүгін қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тимирхан Варзилов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте мәлімдеді.

«Бүгінге дейін инфекция жұқтырған  4379 науқас дертінен айықты. Олардың  басым бөлігі егде жастағы азаматтар. Қазіргі таңда коронавирус инфекциясына шалдыққан  732 науқас ем алуда. Оның ішінде 18 науқас стационарда емін жалғастыруда» — дейді Т.Варзилов.

24 тамыздағы жағдай бойынша қалада коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар саны – 5165, оның ішінде 2635 — симптомды, 2530 — симптомсыз.  

Тегтер: