Бүгін, 10:00
Наурыз туралы даулы пікір айтқан блогер ұсталды
Алматы облысында Наурыз мерекесі туралы даулы мәлімдеме жасаған блогер ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, 23 наурыз күні TikTok-та жарияланған видеода ер адам Наурызды «мұсылман мерекесі емес» деп атап, оны атап өтуге болмайтынын айтқан. Осыған байланысты оған қатысты Қылмыстық кодекстің 174-бабы («діни алауыздықты қоздыру») бойынша іс қозғалды.
Күдікті – 1991 жылы туған азамат. Ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Іс ерекше бақылауға алынған.