Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:55

Наурыздағы ҰБТ-ны 179 мың талапкер тапсырды: ең жоғары баллды атыраулық оқушы жинады

ҰБТ
Фото: из открытых источников

Қазақстанда 2026 жылғы наурыздағы ҰБТ-ға шамамен 179 мың талапкер қатысты. Олардың 70 пайызы шекті балдан өтті. Орташа нәтиже – 66 балл, ал ең жоғары 140 баллды Атырау облысының оқушысы жинады.

Тестілеуге қатысушылардың 75 пайызы ҰБТ-ны қазақ тілінде, 25 пайызы орыс тілінде тапсырған, тағы 157 адам ағылшын тілін таңдаған. Бес пән бойынша орташа балл – 66.

Ең жоғары нәтиже – 140 баллды Атырау облысынан Кенесова Жазира Кеңесова көрсетті. Ол төрт пәннен 90 балл жинап, кейін ҚАЗТЕСТ сертификаты арқылы «Қазақ тілі» пәнінің балын конвертациялаған.

Таңдалған пәндер

Талапкерлер арасында ең танымал комбинация:

  • Математика – Физика (18,7%)

Екінші орында:

  • Биология – Химия (16,5%)

Үшінші орында:

  • Шығармашылық емтихан (10,3%)

Наурыздағы ҰБТ барысында 264 заңбұзушылық тіркелді:

  • 130 талапкер смартфон, шпаргалка сияқты тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуге жіберілмеді

  • 134 адам аудиториядан шығарылып, нәтижелері жойылды

Бөгде адамның орнына тапсыру деректері анықталмаған.

Ерекше қажеттілігі бар талапкерлер

ҰБТ-ға ерекше білім беру қажеттілігі бар 408 талапкер қатысты.

Тестілеу видеолары 2026 жылдың 31 қазанына дейін тексеріледі. Егер кейін заңбұзушылықтар анықталса, нәтижелер күшін жояды.

Тегтер: