Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 17:15

Навальныйдың Ресейдегі сүйегіне жүргізілген сот-медициналық сараптама нәтижелері жарияланды

Ресейдік саясаткер Алексей Навальный Ямало-Ненецтегі №3 түзеу мекемесінде қайтыс болды.
Фото: из открытых источников

Қаза тапқан ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың серіктестері оның сүйегіне жүргізілген сот-медициналық сараптама нәтижелерін жариялады. Бұл сараптаманы 2024 жылы Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің сот-медициналық сараптама орталығы жүргізген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қорының (СЖҚҚ) халықаралық бөлімінің басшысы Мария Певчих бұл шешімді кейбір БАҚ осы материалдарды «сенсация» ретінде жариялауды жоспарлап отырғанымен түсіндірді. Бірақ ол нақты қай БАҚ екенін айтпады.

Певчихтің айтуынша, бұл құжат СЖҚҚ-ның қолында бір жарым жылдан бері болған және оны шетелдік ғалымдар да зерттеген.

«Мен бұл құжат ерте ме, кеш пе сыртқа шығып кету мүмкін екенін түсіндім. Бірақ журналистердің бірі оны жариялауға батылы жетеді деп ойламадым», – деді Певчих.

Құжаттың көлемі

Графикалық қосымшалармен бірге толық құжат 289 беттен тұрады.

СЖҚҚ тек алғашқы беттерін

  • жүргізілген зерттеулер тізімін
  • жалпы қорытындыларды
  • сараптаманың соңғы тұжырымын

жариялаған.

Сараптама қорытындысы

Құжатта Навальныйдың ағзасынан:

  • атропин,
  • жәндіктерге қарсы репеллент ретінде қолданылатын диэтилтолуамид (DEET)

табылғаны көрсетілген.

Ресейлік сот-медициналық сарапшылар оның өлімін:

гипертониялық ауру, миокардиосклероз, ми ісінуі, жүрек фибрилляциясы және өкпе ісінуі сияқты аурулардың қосындысынан болған деп қорытындылаған.

Оппозиция бұл қорытындыға сенбейді

Мария Певчихтің айтуынша, бұл қорытынды шындыққа сәйкес келмейді, Навальныйдың уланғанын анықтаған шетелдік зертханалардың нәтижелерімен сәйкес келеді.

Оның пікірінше, сараптама Навальный «табиғи өліммен қайтыс болды» деген қорытындыға бейімделіп жазылған.

Алексей Навальный 2024 жылғы 16 ақпанда Ямал-Ненец автономиялық округіндегі Харп кентіндегі «Полярный волк» (ИК-3) колониясында белгісіз жағдайда қайтыс болды.

Ресейде оның өлімі бойынша тәуелсіз тергеу нәтижесі әлі жарияланған жоқ.

Улануы

Навальныйдың өлімінен соң екі жыл өтіп Ұлыбритания, Швеция, Франция, Германия және Нидерланд сарапшылары саясаткер эпибатидин деп аталатын сирек токсинмен уланған болуы мүмкін деген қорытындыға келген.

Бұл зат – Эквадорда кездесетін ағаш бақасының терісінен алынатын у, әрі зертханада да синтезделуі мүмкін.

Сарапшылар Навальный қайтыс болғаннан кейін оның туыстары Еуропаға алып шыққан биологиялық үлгілерді зерттеп, осы токсин қолданылған деген тұжырымға келген.

Ал Кремль Ресей билігі Навальныйды улады деген айыптауларды «біржақты және негізсіз» деп атады.

Сонымен бірге The Insider басылымы 9 наурызда Навальныйдың аутопсиясына қатысты ресми құжаттарды «Чёрное зеркало» Telegram-арнасы жариялағанын және бұл мәліметтер өлімнің ресми себебіне күмән келтіретінін хабарлады.

Навальныйды 2020 жылы уланған кезде емдеген реаниматолог Александр Полупан да жарияланған құжаттар ресми нұсқамен сәйкес келмейтінін, бірақ эпибатидинмен улану нұсқасына сәйкес келуі мүмкін екенін айтты.