Навальныйлар «БАҚ бостандығы» сыйлығын алды
2024 жылы Германияның «БАҚ бостандығы сыйлығы» (Freiheitspreis der Medien) Алексей мен Юлия Навальныйға берілді. Бұл туралы Deutsche Welle және марапаттың негізін қалаушы Focus Weimer Media Group баспа тобы хабарлады.
Бұл сыйлық Навальныйларға «Ресейдегі қатыгез диктатураға қарсы батыл және зорлық-зомбылықсыз күресі үшін» берілді», - делінген баспа тобының мәлімдемесінде.
«Олар үздік, жаңа, еркін және демократиялық Ресейдің бет-бейнесі. Олар жақсы әлем үшін өз өмірін құрбан етуге дайын біздің заманымыздың қаһармандары», - делінген Focus Weimer Media Group мәлімдемесінде.
Баспа тобы Юлия Навальнаяны «Ресейдегі демократияны оятқан көшбасшы» деп атады. Deutsche Welle агенттігінің хабарлауынша, сыйлық Навальнаяға 19 сәуірде Бавариядағы Гмунд ан дер Тегернси қаласында жеке табыс етіледі. Марапаттау рәсіміндегі салтанатты сөзді Христиан-Демократиялық Одағының (ХДҰ) төрағасы Фридрих Мерц сөйлейді.
Айта кетейік, Германияның «БАҚ еркіндігі сыйлығы» 2015 жылы құрылды және жыл сайын беріледі. 2022 жылы оның лауреаттары Украина президенті Владимир Зеленский, беларусь оппозициясының жетекшісі Светлана Тихановская және соғысқа қарсы плакатпен эфирге шыққан Бірінші арнаның бұрынғы редакторы Марина Овсянникова болды. Овсянникова кейін Украинаның наразылығына байланысты лауреаттар тізімінен шығарылды. 2023 жылы сыйлықты «Еркін Ресей» форумының негізін қалаушы Гарри Каспаров алды.
Ал, 4 сәуірде Алексей Навальный қайтыс болғаннан кейін бейбітшілік пен халықаралық түсіністік ісіне ерекше үлес қосқан адамдарға берілетін Дрезден бейбітшілік сыйлығымен марапатталды. Оны 12 мамырда Дрезденде өтетін марапаттау рәсімінде саясаткердің әйелі Юлия Навальная алады.
Фото: Василий Шапошников, Коммерсантъ