16:55, 28 Сәуір 2021
Назарбаев Ассамблеяны басқару құқын Тоқаевқа берді
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының басшысы қызметінен кетеді.
Ол өз өкілетін Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырды.
Бұл туралы ол Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясында айтты.
«Мен ҚХА-ны басқару құқығын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа беруді ұйғардым», — деді Назарбаев.
Бұған дейін Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Президент Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі болып Марат Әзілханов тағайындалған болатын.
Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясы конституциялық мәртебеге ие, ол Парламент Мәжілісіне тоғыз депутат сайлау құқылы.