10:09, 13 Қараша 2023
Болат Назарбаев қайтыс болды – БАҚ

Болат Назарбаев қайтыс болды. Бұл туралы Ratel.kz сайты мәлімдеді.
"Сағат 9.28-де Болат Назарбаевтың жүрегі тоқтап, қайтыс болды. 23 минут бойы жүргізілген реанимациялық шаралар, нәтижесіз болып шықты", - деп хабарлады басылым.
Естеріңізге сала кетейік, Болат Назарбаев бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі. Бұған дейін оның ауыр халде жансақтау бөлімінде жатқаны белгілі болатын.