15:23, 27 Тамыз 2021
Назарбаев Ермекбаевқа қоңырау шалды
Нұрсұлтан Назарбаев қорғаныс министрі Ермекбаевқа қоңырау шалды.
Әңгіме барысында Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасына Жамбыл облысы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Байзақ ауданындағы төтенше жағдай салдарын жою үшін қабылданған шаралар туралы ақпарат берілді.
Назарбаев осы оқиға салдарынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.