Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:15, 25 Қыркүйек 2025

Назарбаев Франциядан 500 миллион долларға вилла алмақ болды деген дерек шықты

Назарбаев
Фото: Жас Алаш коллаж

Назарбаев Франциядан 500 миллион долларға вилла алмақ болды деген дерек шықты  

Ресейлік кәсіпкер Шалва Чигиринскийдің айтуынша, Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың адамдары Францияның Лазур жағалауынан зәулім вилла сатып алуға қызыққан.

Чигиринский бұл мүлікті кезінде африкалық диктатордан шамамен 7,8 млрд теңгеге иемденгенін айтады. Алайда Назарбаевтың өкілдері оған әлдеқайда жоғары баға ұсынып, тіпті жарты миллиард долларға дейін төлеуге дайын болған.

Кәсіпкердің сөзінше, олардың талаптарының ішінде:

🔹тікұшақ қонатын алаң,

🔹екі бассейн,

🔹көптеген жатын бөлме болған.

Аумағы 3,2 гектарды құрайтын бұл виллада 15 жатын бөлме, екі бассейн, тікұшақ алаңы мен сегіз көлікке арналған тұрақ бар. Қазір зәулім үй жалға беріліп отыр.

Тегтер: