Назарбаев мемлекеттен әлеуметтік көмек талап еткендерді сөкті

21.08.2019, 20:00

132

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзі басқаратын «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде әлеуметтік қолдауды талап еткен қазақстандықтарды сынады.

«Маған бер, көп балам бар, жалақым аз, бер» деп ұрандайды. Ал бұрын қайда қарадың? Бұл сенің проблемаң емес пе, кезінде мемлекеттен кеңес сұраған жоқсың ғой. Егер мемлекет өз міндетін орындап, беріп жатса, «жоқ, аз, тағы бер» дейді. Қарай гөр", — деді Назарбаев 21 тамызда Нұр-Сұлтанда өткен партия жиынында.

Назарбаев үкіметтен жәрдем беруді талап еткен мәлімдемелерге байланысты бұған дейін де пікір білдірген. Президент өкілетін мерзімінен бұрын доғармас бұрын, 7 наурызда Ақордада әйелдермен кездесу кезінде ол «бәрін үкімет береді» деп совет кезіндегідей отыра беруге болмайтынын айтқан.

"Қазір әркім өз табысын өзі пайдаланатын кезде неше бала болатынын, оны қалай асырау керек екенін, оқуы бар — соның бәрін ойлану керек" деген ол жолы Назарбаев.

Алайда екі аптадан соң (ол кезде әлі президент) Назарбаев мемлекет мұқтаж жандарға әрқашан жәрдемдесетінін айтып, "әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасылар мемлекеттің қамқорлығын жақын арада сезінуі керек" деп мәлімдеген. Ол мұны әлеуметтік төлемдерді ұлғайту туралы заңдарды қайта қарар алдында айтқан. Үкімет әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмек көлемін ұлғайту туралы шешімді елде көп балалы аналар наразылығы күшейіп келе жатқанда жариялаған.

Қазақстанда көп балалы аналар наразылығы ақпан айында Астана (қазіргі Нұр-Сұлтан) қаласында уақытша баспанада шыққан өрт салдарынан бір отбасындағы кәмелетке толмаған бес қыз бала мерт болғаннан кейін басталған. Қазақстанның бірқатар аймағында жүздеген әйел мемлекеттік жәрдемақыны ұлғайтуды, баспана мәселесін шешуді, көп балалы отбасыларға жеңілдіктер енгізуді талап еткен.

Билікке наразы көп балалы аналар талабы:

<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«pangea-video» data-persistent> <div class=«c-mmp c-mmp--enabled c-mmp--loading c-mmp--video c-mmp--standard c-mmp--has-poster c-sticky-element__swipe-el» data-player_id="" data-title=«Билікке наразы көп балалы аналар» data-hide-title=«False» data-breakpoint_s=«320» data-breakpoint_m=«640» data-breakpoint_l=«992» data-hlsjs-src="/Scripts/responsive/hls.b"> Билікке наразы көп балалы аналар please wait <video poster=«gdb.rferl.org/5f857ecb-c7d6-4610-9b28-34a7cca6be31_tv_w250_r1.jpg» src=«rferl-vh.akamaihd.net/i/Pangeavideo/2019/02/5/5f/5f857ecb-c7d6-4610-9b28-34a7cca6be31,_mobile,,_hq,_fullhd,.mp4.csmil/master.m3u8» data-fallbacksrc=«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/02/5/5f/5f857ecb-c7d6-4610-9b28-34a7cca6be31.mp4» data-fallbacktype=«video/mp4» data-type=«application/x-mpegURL» data-info=«Auto» data-sources="[{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/02/5/5f/5f857ecb-c7d6-4610-9b28-34a7cca6be31_manifest.mpd»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/02/5/5f/5f857ecb-c7d6-4610-9b28-34a7cca6be31_manifest.mpd»,«Type»:«application/dash+xml»,«DataInfo»:«Auto»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/02/5/5f/5f857ecb-c7d6-4610-9b28-34a7cca6be31_mobile.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/02/5/5f/5f857ecb-c7d6-4610-9b28-34a7cca6be31_mobile.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«270p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/02/5/5f/5f857ecb-c7d6-4610-9b28-34a7cca6be31.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/02/5/5f/5f857ecb-c7d6-4610-9b28-34a7cca6be31.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«360p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/02/5/5f/5f857ecb-c7d6-4610-9b28-34a7cca6be31_hq.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/02/5/5f/5f857ecb-c7d6-4610-9b28-34a7cca6be31_hq.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«720p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/02/5/5f/5f857ecb-c7d6-4610-9b28-34a7cca6be31_fullhd.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/02/5/5f/5f857ecb-c7d6-4610-9b28-34a7cca6be31_fullhd.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«1080p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null}]" data-lt-on-play=«1» data-lt-url=«livetracker.rfe.pangea-cms.com/counter.lt?PageType=4&RecordId=29765333&SiteId=5&r=694507767&it=0&pd=20190212085700» webkit-playsinline=«webkit-playsinline» playsinline=«playsinline» style=«width:100%» title=«Билікке наразы көп балалы аналар»> Get Adobe Flash Player Embed Бөлісіңіз
Билікке наразы көп балалы аналар
Embed Бөлісіңіз The code has been copied to your clipboard. <input type=«text» name=«embed_code» class=«c-mmp__input-text js-embed-code» dir=«ltr» value="" readonly /> /> width /> px height /> px /> The URL has been copied to your clipboard <input type=«text» name=«share_url» class=«c-mmp__input-text js-share-url» value=«www.azattyq.org/a/29765333.html» dir=«ltr» readonly />

No media source currently available

0:00 0:01:47 0:00 Жүктеп алу

Наразылық күшейген соң билік мұқтаж жандарды қолдау шаралары қабылданатыны, соның ішінде атаулы әлеуметтік көмек көлемі ұлғайтылып, тұрмыс жағдайы төмен тұрғындардың кепілсіз алған тұтыну несие қарызы ішінара жойылатыны, арендалық баспана құрылысы басталатыны туралы мәлімдеген.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, биылғы жылдың мамыр айында Қазақстанда 860 мыңға адам (тұрғындардың 5 пайызға жуығы) атаулы әлеуметтік көмек алған.

#GR-1016a { height: 50px; -webkit-box-pack: justify; -ms-flex-pack: justify; justify-content: space-between; margin-bottom:24px; } #GR-1016a div { padding-left: 10px; width: 32%; height: 100%; font-size: 16px; line-height: 50px; -webkit-filter: grayscale(1); filter: grayscale(1); } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: scale(1.04); transform: scale(1.04); -webkit-transform-origin: 50% 50%; transform-origin: 50% 50%; transition:all .3s; } #GR-1016a div:hover { -webkit-filter: grayscale(0); filter: grayscale(0); } #GR-1016a .c1 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/8E457501-5DFF-4374-AF52-2D5AAF25FF22.png') no-repeat 95% center; background-size: 18px; } #GR-1016a .c2 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/DBCDC937-09B4-48FB-8FF8-28E3AB5E741B.png') no-repeat 95% center; background-size: 40px; } #GR-1016a .c3 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/08F40524-CFE8-4AAD-A22F-1C19A9DD651F.png') no-repeat 95% center; background-size: 28px; } #GR-1016a .c1:hover h5 { color: #3b5998; } #GR-1016a .c2:hover h5 { color: #45668e; } #GR-1016a .c3:hover h5 { color: #ff0000; } @media (max-width: 639px) { #GR-1016a { -webkit-box-orient: vertical; -webkit-box-direction: normal; -ms-flex-direction: column; flex-direction: column; height: auto; } #GR-1016a div { width: 100%; margin-bottom: 5px; } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: none; transform: none; } }
AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Даниалдар «дань» төлемейді!
    30.09.2022, 08:34
  • Билік халыққа жау ма?!
    30.09.2022, 08:50
  • «Қуантыров қуантпайды, Пірматовтан пайда жоқ...»
    30.09.2022, 08:49
  • Тоны тозған қазақтың – тойы бітпес
    30.09.2022, 08:48
  • Әй, Әлихан, ер жігіттің екі сөйлегені өлгені!..
    29.09.2022, 08:37