Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:58, 21 Қараша 2022

Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады

None
None

Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс Қазақстан Республикасының Президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Жас Алаш.

«Сізді Қазақстан Республикасының Президенті сайлауындағы айқын жеңісіңізбен риясыз көңілмен құттықтаймын!

Бұл – мемлекет басшысы ретіндегі беделіңіздің айшықты айғағы, сондай-ақ ауқымды реформаларыңыз бен тың бастамаларыңызға және тәуелсіздік тағдыры таразыға тартылған сын сағатта көрсете білген табанды да шешімтал мінезіңізге, ақыл-парасатыңызға деген халықтың қалтқысыз сенімінің даусыз дәлелі. Алдағы уақытта да баршаның алғыс-ризашылығы мен құрметіне бөлене беруіңізге тілектеспін», – делінген Тұңғыш Президенттің құттықтауында.

Тегтер: