20:26, 14 Желтоқсан 2018
Назарбаев қызына Мемлекеттік сыйлықты табыстады

Әдеттегідей Тәуелсіздік күні қарсаңындағы маңызды мемлекеттік наградаларды тапсыру науқаны басталып кетті.
Биылғы науқанның ерекше сәнін кіргізген оқиға Қазақстан президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ Әлия НАЗАРБАЕВАҒА әдебиет және өнер саласы бойынша мемлекеттік сыйлық табыстауы болды. Әлия Назарбаева Қазақстан президентінің қызы. Мәдени салаларда біраз шаруаларға басшылық жасап жүр. Әлия Назарбаева мемсыйлықты «Анаға апарар жол» фильмі үшін алды. Ол аталмыш фильмнің продюсері болған. Марапаттау рәсімінде президент қызының бетінен сүйді. Әрине, сыйлық жеке адамға емес, фильм үшін берілгендіктен, марапатталушылар қатарында фильмді түсіруге ерекше үлес қосқан ұжымнан бірнеше адам болды. Атап айтсақ, фильмнің режиссері Ақан САТАЕВ, сценарий авторы Тимур ЖАҚСЫЛЫҚОВ, актерлер Әділ АХМЕТОВ пен Алтынай НӨГЕРБЕК және продюсер Әлия Назарбаева. Президент Ақордада өткен салтанатты жиында сөйлеген сөзінде Тәуелсіздік күні қарсаңында 1600 қазақстандық марапатталатынын атап өтті.Әлия НҰРСҰЛТАНҚЫЗЫ мемлекет басшысының ең кіші қызы. 1980 жылы Алматы қаласында туған. Күлаш БАЙСЕЙТОВА атындағы музыкалық мектепте, фортепиано сыныбында оқыған. Кейін білімін шетелде жетілдірген. Нұрсұлтан Әбішұлы президент болғанда кенже қызы 11 жаста болған.Фото: tengrinews.kz