Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:32, 12 Сәуір 2024

Назарбаева иелік еткен компания 30 мың адамның өміріне қауіп төндіріп тұр

у
Фото: из открытых источников

Алматы қаласының 30 мыңға жуық тұрғынының өміріне қауіп төніп тұр. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

Министрлік ақпаратынша, "Ақсай" бассейніндегі селді ұстайтын бөгетке жауапты мердігер өз міндеттемелерін орындамай отыр. 

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Ч.С. Аринов "Ақсай" бассейніндегі селді ұстайтын бөгетті тексеру кезінде мердігердің жоғарыда аталған объектіні салу бойынша міндеттемелерін орындамауына байланысты белгілі бір бұзушылықтарды анықтады (Алматы қаласының 30 мыңға жуық тұрғынының өміріне қауіп төніп тұр), осыған байланысты "Қазселденқорғау" басшылығының алдында тиісті материалдарды процессуалдық шешім қабылдау үшін ҚР Қаржы мониторингі агенттігіне беру туралы мәселе көтерілді . Оның нәтижелері бойынша ҚР ҚМА қылмыстық іс қозғады және мердігер ұйымның жауапты тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын ұрлау бойынша тергеу жүргізілуде, делінген министрлік хабарламасында.

Ал, Protenge мәліметінше, нысанның құрылысын «Толағай-2050» компаниясы жүргізген. 2022 жылдың басында, (яғни Қаңтарға дейін) компанияның негізін қалаушылардың бірі Назарбаева Ақбота Болатқызы болған. 

Бөгеттің өзі Алматы облысының Қарасай ауданы мен Алматының Наурызбай ауданының тұрғындарын қорғайды.

Бөгет сапасыз салынған, тапсырыс берушінің айтуынша, қазір сынақтар жүріп жатыр, бассейнде еріген су жиналып жатыр. Биыл компания мемлекетпен ондаған миллиард теңгенің 39 келісімшарты мен қосымша келісімдерге қол қойды, деп жазады ProTenge.

Фото: t.me/KZgovernment

Тегтер: