Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:10

Назарбаеваның баспасөз хатшысы оның жағдайына қатысты ақпаратқа түсініктеме берді

Сара Назарбаева
Фото: Жас Алаш коллаж

Айдос Үкібайдың айтуынша, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Сара Назарбаеваның денсаулығы мен орналасқан жері туралы шындыққа жанаспайтын ақпараттар тараған.

«Сәуір айынан бері ол Алматыдағы Президент істері басқармасы Медорталығының Ұлттық госпиталінде ем қабылдап жатыр. Барлық медициналық шаралар бекітілген стандарттарға сәйкес және отандық мамандардың бақылауымен жүргізілуде», - делінген ресми түсініктемеде.

Айдос Үкібай жұртты этикалық ұстанымды сақтауға, Сара Алпысқызының атын жалған ақпарат тарату немесе назар аударту мақсатында пайдаланбауға шақырды.