Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 15:47

Назарбаевтар тұрған Шамалғанда тәркіленген жер учаскесі сатылды

Назарбаев
Фото: Жас Алаш коллаж

Назарбаевтар тұрған Шамалғанда тәркіленген жер учаскесі сатылды.

Ол Нью-Йорктегі Манхэттен аралының жартысындай болады. Ауданы 45,4 шаршы шақырым болатын жер телімі — шамамен Монако аумағынан 23 есе үлкен. 13 тамызда E-Qazyna платформасында 217 млн теңгеге сатылды. Сауда ашық форматта өтті.

Түскен қаражат арнайы мемлекеттік қорға аударылып, мектептер мен ауруханалар салуға, инфрақұрылымды дамытуға және әлеуметтік осал топтарға көмек көрсетуге жұмсалады.

Нұрсұлтан мен Болат Назарбаевтар Шамалғанда туған. Кейін бұл ауданда олардың отбасы жылжымайтын мүлік пен жер иеленген.

2024 жылдың желтоқсанында КУВА Шамалғандағы басқа бір жер учаскесін (142,9 га) сатпақ болған, бірақ ол кезде сатып алушы табылмаған еді.

Тегтер: