Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:01

Назарбаевтың әйелі Әсел Құрманбаеваның ағасы Айдос Есполов ұсталды

Назарбаев
Фото: ҚазТАГ

«Астана ЭКСПО-2017» компаниясының бұрынғы кеңесшісі Айдос Есполов ұсталды, деп хабарлады ҚазТАГ.

«Айдос Есполов екі күн бұрын Астанада ҰҚК жанындағы Антикор тарапынан ұсталды», – деген енбі күні ҚазТАГ редакциясына жағдайды жақсы білетін дереккөз.

Редакция Есполовқа хабарласуға тырысқан, алайда оның телефоны сөндірулі болған.

Есполов – экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үшінші әйелі Әсел Құрманбаеваның туған ағасы.

Ол Еуразиялық технологиялық университеттің және «Alatau Asset Management Company» ЖШС-нің құрылтайшысы.

Айта кетейік, 2025 жылғы сәуір айының соңында мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясындағы ұрлықтарға қатысты қылмыстық іс тақырыбын көтеріп, ұлттық компания басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Мұрат Омаровтың деректерін келтірген болатын. Оның айтуынша, Есполов «Астана ЭКСПО-2017» басшысының кеңесшісі болып тұрған кезінде пара алған, бірақ іс материалдарында тек «анықталмаған тұлға» ретінде көрсетілген. Мәлім болған ақпаратқа сәйкес, Есполовты қылмыстық істен шығару сол кезде премьер-министр қызметін атқарған Кәрім Мәсімов пен Антикорды басқарып тұрған Қайрат Қожамжаровтың көмегімен жүзеге асқан. Белгілі болғандай, Мәсімов Қаңтар оқиғасынан кейін сотталып отыр, ал Қожамжаров тергеуде, бірақ әзірге қазақстандық құқық қорғау органдарының қолы жетпей отыр.