Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:44, 04 Қаңтар 2024

Назарбаевтың қызы мен күйеу баласы еліміздегі ең бай адамдар көшін бастады

Тимур мен Динара Құлыбаев
Фото: kazenergy.com / foundation.kz

Әлемдік Forbes рейтингіндегі ең бай қазақстандықтардың тізімін Тимур мен Динара Құлыбаевтар бастады. Олар әлемдегі ең бай адамдар рейтингінде 623-орында.

2024 жылы Назарбаевтың қызы мен күйеу баласының байлығы 4,6 миллиард долларға бағаланған.  Екеуінің дәулеті бір жыл ішінде 35 млн долларға артқан.

Динара мен Тимур Құлыбаев
Фото:скрин forbes

Олардың байлығы негізінен қаржы бизнесі арқылы артып отыр. Сонымен қатар ерлі-зайыптылар еншісінде бірнеше мұнай кен орындары бар. Құлыбаевтар еліміздегі ең ірі банк Қазақстан Халық банкін басқаратын ALMEX компаниясына иелік етеді.

Тимур Құлыбаев былтыр 2005 жылдан бері басқарған Kazenergy Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының төрағасы қызметінен кеткен болатын.

Айта кетейік, аталған тізімде Құлыбаевтардан басқа,  Владимир Ким әлемдік рейтингтің 634-орныда, байлығы 4,6 миллиард доллар, одан кейін Вячеслав Ким  4,4 миллиард доллармен  674- орында. Тимур Турлов Forbes рейтингінде 867-орында. 32 миллион долларға азайған оның байлығы қазіргі күнде 3,5 млрд-қа бағаланған. Тізімде Болат Өтемұратов та бар. Оның байлығы 2,7 миллиард долларға бағаланып, рейтинге 1167-орында тұр.