Бүгін, 14:00
Назарбаевтың құлап бара жатқан ескертікші Мәскеу музейіне сатылды
Суретші Ербосын Мелдібеков өзінің «Тұғырдан құлап бара жатқан Назарбаев» бейнеленген инсталляциясын Мәскеудегі Garage қазіргі заман өнер музейіне сатты.
Бұл туралы National Business хабарлады.
«Құлап бара жатқан Назарбаев» атты бұл туындыны Garage мұражайы бірнеше ондаған мың долларға сатып алған. Нақты сома жарияланған жоқ.
Аталмыш композиция – көпшілікке алғаш және жалғыз рет 2024 жылдың ақпанында өткен суретшінің «Боран — Байқоңыр, Жібек жолы мен Құс жолының арасында» атты жеке көрмесінде көрсетілген еді. Алайда инсталляция үлкен резонанс пен дау туғызды.
Көрменің кураторы Дастан Қожахметов пен суретшіден жұмысты экспозициядан алып тастауды талап еткен. Олар бас тартқан соң, Aitas Foundation Мелдібековпен ынтымақтастықты тоқтатты.