Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:15

Назарбаевтың немерелері Канндағы қымбат кеште бой көрсетті

Нұрәлі Әлиев пен Алан Әлиев
Фото: инстаграм imnurali

Францияның Канн қаласында өткен Knights of Charity атты жыл сайынғы қайырымдылық кешіне Назарбаев әулетінің өкілдері қатысты.

 Іс-шара 2025 жылғы 17 шілдеде Круа-де-Гард (Croix-des-Gardes) сарайында өтті. Бұл кешке әлемдік деңгейдегі жұлдыздармен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Нұрали Әлиев те қатысып, жанындағы жас жігітпен бірге суретке түскен.

Әлеуметтік желіде тараған фотолардан кейін кейбір отандық БАҚ ол жігітті экс-президенттің тағы бір ұлы Тауман деп болжады. Алайда көп ұзамай Нұрали Әлиев Instagram парақшасында түсініктеме жариялап, бұл жігіт – өз ұлы екенін нақты айтты:

«БАҚ-қа ескерту: Біріншіден, бұл стористі өзім жарияладым – "засветился" деу орынсыз. Екіншіден, бұл менің ұлым. Таныс болыңыздар, оның есімі – Алан», – деп жазды Әлиев.

Knights of Charity кешіне қатысу арзанға түспейді: бір орынға резерв – 12 000 еуродан (шамамен 6,2 миллион теңге), ал толық столдың бағасы 120 000 еуродан (яғни 62 миллион теңгеден аса) басталады.

Назарбаевтың немерелері бұл кешке қандай мәртебемен қатысқаны және қайырымдылыққа нақты қанша қаражат бөлгені белгісіз. Бірақ олардың мұндай аста-төк шарада бой көрсетуі қоғамның назарын өзіне аударды.