Бүгін, 15:17
Назарбаевтың ұшағы реконструкцияға жіберілді
Борт нөмірі M-IRAS болатын Airbus ACJ320neo бизнес-джеті бір жылдан астам уақыттан бері АҚШ-тың Индианаполис қаласында қайта жөнделіп жатыр.
Бұл ұшақ Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен байланыстырылып келеді. Бағасы шамамен 100 млн доллар болатын әуе кемесі 25 жолаушыға арналған және іс жүзінде «ұшатын резиденция» саналады.
Зерттеулерге сүйенсек, Қаңтар оқиғаларынан кейін ұшақ Prime Aviation компаниясының басқаруына өткен. Бұл компания кәсіпкер Тимур Құлыбаевпен байланысты деп айтылады.
Қазір ұшақ жаңа иесіне дайындалып жатқан болуы мүмкін. Себебі ол енді Prime Aviation компаниясының әуе паркі тізімінде көрсетілмеген.