Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 13:30

Назарбаевтың жиені Әлиев адамдарды рухани оятып, санасын жоғарылатуға көмектеспек

Нұрәлі Әлиев
Фото: tengrinews

Алдына осындай мақсат қойған Spark of Light қозғалысын Нұрәлі Әлиев құрған.

Алдын ала мәліметке сүйенсек, «Нұралидің жұмысы айқын миссияға негізделген: адамдарға санасын, түсінігін және ішкі гармониясын жоғарылатуға қолдау көрсету. Оның мақсаты — адамдарға өз шынайы болмыстарымен қайта байланысуға, өмірін мақсатты түрде құруға және әлемге мәнді ықпал етуге көмектесу», - делінген.


«Жұлдызды шөлде ояну, трансформация және терең бірлік кеші» деген атаумен алғашқы кеші Дубайда өтті.

Айта кетейік, жақында Әлиевтің  41 жасын шетелде тойлап жүрген видеосы әлеуметтік желіде таралды.

Ол туған күнінде түсірілген фото мен видеоларды Instagram парақшасында жариялады. Кадрларда жұбайы Адина Имашева, ұлы Алан және қызы Әмира көрінеді.

Мереке глэмпинг, жанды музыка және элиталық ретрит атмосферасында өткен. Кеш бес жұлдызды Terra Solis Dubai қонақүйінде ұйымдастырылған. Екі адамға бір күн түнеп шығу құны шамамен 100-270 мың теңге аралығында.