Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:42, 16 Тамыз 2019

Назарбаевтың рөлін сомдаған актер депутат болады

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ рөлінсомдаған актер Нұрлан ӘЛІМЖАНОВ мәжіліс депутаты болады.

Бұндай шешім «Нұр Отан»партиясының Саяси кеңес бюросының отырысында белгілі болды. 

«Партия Лидері Н.Ә. Назарбаевтыңтөрағалығымен өткен Саяси кеңес Бюросының отырысында «Нұр-Отан»-ның партиялықтізімі бойынша Г.Н.Әбдіқалықоваға, Н.Б.Әлімжановқа, Н.К.Әшімбетовке жәнеЖ.Қ.Омарбековаға Парламент Мәжілісі депутаттарының мандаттарын беру туралышешім қабылданды», — деп хабарлама таратты «Нұр Отан» партиясының твиттердегіресми парақшасы.

Отыз бес жастағы актер, әнші Нұрлан Әлімжанов Қазақстанның еңбек сіңіргенқайраткері. Темірбек ЖҮРГЕНОВ атындағы өнер академиясын бітірген. АлматыдағыҒабит МҮСІРЕПОВ атындағы театрда еңбек еткен. «Балалық шағымның аспаны», «Теміртау»,«Елбасы жолы», «Тығырықтан жол тапқан» атты кинокартиналар да экс-президентНұрсұлтан Назарбаевтың бейнесін сомдаған. 

Нұрлан БАЯНҒАЛИҰЛЫ 2016 жылы Қайрат НҰРТАС, Серік СӘПИЕВ, Жанар ДҰҒАЛОВАЛАРДЫҢқатарында билік партиясына мүше болған еді. Бұлардың арасында олимпиадачемпионы Серік Сәпиев депутат болып үлгерді. Ендіг кезек әнші ЖанарДұғалованікі шығар. Айтпақшы, Сара НАЗАРБАЕВАНЫҢ рөлінде ойнаған актрисағақандай мансап беріледі екен?

Фото: tengrinews.kz

 

Тегтер: