21:05, 28 Қараша 2018
Назерке НҰРҒАЛИ, әлем чемпионы:Шахматшылардың барлығы математик емес
Биылғы жылдың 24-ші қарашасында Ташкентте ұйымдастырылған шахматтан Батыс Азияның халықаралық турнирі аяқталды.
Дүбірлі додаға қатысқан қызылордалық спортшы Назерке НҰРҒАЛИ жоғарғы көрсеткішке қол жеткізді. Жас фиде – шебері шахматтың блиц пен рапид түрінен күмістен медаль тақса, классикадан қола жүлдеге ие болды. Назарларыңызға «Жас Алаш» сайтының тілшісінің Назерке Ералықызымен болған ұсынамыз.-Назерке, кезекті жеңісіңмен құттықтаймыз. Шахматты неше жасыңыздан бастап ойнап келе жатырсыз? Спорттың дәл осы түрін таңдауынызға не себеп болды?-Мен бала кезімнен шахмат ойнауға қызығатынмын. Мектепке мені бес жарым жасымнан берген. 2 сынып оқып жүрген кезімде мектепте шахмат үйірмесе ашылып, соған жазылдым. Еш өкінбеймін. Көптеген жарыстарға қатысып бағымды сынап жүрмін. Ташкентте өткен турнирден үлкен әсермен оралдым. Жалпы, спортшы үшін жоғары деңгейдегі жарыстарға қатысып тұру өте маңызды. Мен бірнеше рет оқушылар арасындағы Әлем чемпионаттарына қатыстым. Румыния, Славения, Тайландта өткен жарыстарда өнер көрсеттім. 2018 жылы Албанияда өткен қыздар арасындағы Әлем чемпионатында алтын алдым. Бұл менің ең үлкен жетістіктерімнің бірі. Мұндай сайыстар өзге елден келген спортшылардың деңгейін бақылауға, өз кемшіліктеріңмен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Шахматты таңдауыма анам себепші болды десем болады. Ол кісі шахматты керемет ойнай алады. Әуелгіде жеңіліп қалатынмын. Қазір әрине біліктілігім жоғары.-Жасыратыны жоқ, шахматты кез-келген адам ойнай алмайды. Ойынның бұл тәсілін меңгерген адамдар өмірде де көптеген шешімді дұрыс қабылдай алады деген пікір бар. Сенің бұл қағидаға көзқарасың қандай? -Негізінен мен бұл қағидамен келісемін. Шахмат тез ойлануды үйретеді. Сондай –ақ қарсыласынның келесі қадамы қандай болатынын алдын-ала болжап отыруға тырысасың. Өмірде де, шахматтың кейбір тәсілдерін пайдаланатын кездерім болады. Бірақ көп емес. Өйткені адамдар шахматтың «фигуралары» емес қой. Шахматшылар математикаға жүйрік болады деп жатады. Бірақ, спортшылардың барлығы бірдей есепке мықты емес. Мен де математикаға аса жүйрік емеспін.-Шахматтан бөлек қандай спорт түрлерімен шұғылданасың? -Шахматтан бөлек жүгірумен, жүзумен шұғылданамын. Өйткені жақсы өйын өрнегін көрсету үшін физикалық тұрғыда мықты болуын керек. Шахматта партиялардың нақты қанша уақытқа созылатынын алдын – ала білу мүмкін емес. Сол себепті сен өте төзімді бола білуің керек. Ал, спорттың адам бойында төзімділік пен шыдамдылықты қалыптастыратындығы белгілі ғой.-Әрбір сайыс спортшы үшін үлкен сынақ екені белгілі. Жарыстарға қалай дайындаласың?-Расымен, жарыс – спортшы үшін ең маңызды уақыт. Шахматта қарсыласыңды жеңуін үшін психологиялық тактикаларды да мықты меңгеруің керек. Мәселен, бәсекелесіңмен көз атысу деген бар. Осы сәтте алдында отырған адамның қаншалықты мықты екенін аңғаруға болады. Әрбір жарыс кезңнде жаттықтырушыларымыз үлкен қолдау білдіріп отырады. Менің жаттықтырушым Василий ШИМЕЛКОВ пен Риза ҚОШҚАРОВА есімді кісілер. Өз ісін жақсы білетін мамандар үнемі рухымызды қайрап отырады. Қашанда өзімізді жинақы ұстап жүреміз. Өйткені сайыстарда еркінсіп кетуге мүлдем болмайды. Әрбір додаға үлкен дайындықпен барамыз. Күніне бірнеше мәрте жаттығу болып тұрады. Жаттықтырушыларымыз берген есептерді шығарып отырамыз.-Сен қазір мектепте оқитыныңды білеміз. Спорт оқуыңа кері әсерін тигізбей ме? -Иә, мен қазір Қызылорда қаласындағы №136 мектептің 10-сыныбыңда оқимын. Жасыратыны жоқ, көп уақыт жарыстарда жүреміз немесе оқу-жаттығу жиындарында болып жатамыз. Бұл ретте мектеп мұғалімдеріме үлкен рақметімді айтамын. Мектеп басшылығы үлкен түсіністікпен қарап жатады. Ұстаздарымыз қосымша сабақтарын өткізіп, біз өткізіп алған бағдарламаларды қайта меңгеруімізге жағдай жасайды. Әрине спорт пен оқуды қатар ұстап жүруге тырысамын. Өйткені білімді адамның ғана болашағы жарқын болатынын түсінемін.-Болашақта қандай мамандықты таңдап отырсың?-Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің спорт факультетіне түскім келеді. Осы оқу орнын Илья ИЛЬИН, Александр ЗАЙЧИКОВ секілді мықты спортшылар тәмамдаған. Жалпы, бұл университетте спортшыларға қажетті жағдайлар жасалғанын жақсы білемін. Әрине, болашағымды спортпен, шахматпен байланыстырамын. Өйткені спорт – мол мүмкіндіктерге жол ашады. Осы саланың арқасында мен көптеген елдерді араладым. Ағылшын тілін меңгеруге мүмкіндігім бар. Қазір шахмат спортын дамытуға да көп көңіл бөлініп жатыр. Еш қиналмай шет елге сайысқа бара аламыз. Қаржылық жағынан да бізге көп қолдау бар.-Алдағы уақытқа қандай мақсаттарың бар?-Биылғы жылдың жарыстары аяқталды деп ойлаймын. Келесі жылы Қазақстан чемпионатына дайындықты үдетеміз. Одан кейін халықаралық жарыстарға дайындалып, жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуді мақсат етеміз.-Сұхбатыңызға рақмет!