Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:47, 03 Қазан 2019

Нәзір Төреқұловтың мұражайы ашылды

Созақ ауданыныңорталығы Шолаққорған ауылындағы IT лицейге Алаштың ардагер ұлы, көрнектімемлекет қайраткері, дипломат Нәзір Төреқұлов есімі берілуіне орай іс-шара өтті.

Оған Қазақстанның алыс-жақын түкпірлерінен қонақтар келді. Ақын ИсрайылСапарбай,  Халықаралық Нәзір Төреқұлов қорыныңтөрағасы Әбдіжаппар Сапарбаев, нәзіртанушы ғалымдар, жазушылар, тарихшылар,абайтанушы  Жабал Шойынбет, Хазіретәлі Тұрсын,Нұрмахан Назаров, Құлбек Ергөбек, Дандай Ысқақ және ауданның бұрынғы басшыларыДосыбай Шерімқұлов, Аманғали Аймұрзаев, Берік Мейірбеков және  ауданның құрметті азаматтары қатысты.

Нәзір Төреқұловтыңкеуде мүсінін ашып, мұражай лентасын қиды. Алдымен Қуаныш Айтаханов, аудан әкіміСалыхан Полатов, еңбек ардагері Мыңжасар Асқаровтар сөз сөйлеп, ғалымның ұлт үшінжасаған еңбектеріне тоқталды. Нәзір Төреқұлов атындағы ІТ лицейінде өткеносы салтанатты жиында   Халықаралық НәзірТөреқұлов қорының төрағасы Әбдіжаппар Сапарбаев мектеп басшысы Гүлсара Әлімбекованы,бұрынғы аудан басшысы Досыбай Шерімқұловты, ауданның бүгінгі таңдағы басшысыСалыхан Полатовты елеулі еңбектері үшін төсбелгімен марапаттады. Одан кейінмектеп ішінде Алаш ардақтысының өмір жолы мен ғұмырнамалық тарихына арнап ашылғанмұражайдың ашылу салтанаты болды. Келген қонақтар мұражай ішін аралап көріп, «Құрметтіқонақтар» кітабына өз қолтаңбаларын қалдырды. Осы әсерлі керемет шақтан кейіналыс-жақыннан келген меймандар   іс-шараныаудандық «Мыңжылқы» мәдениет сарайында өткізілген ғылыми-тәжірибелікконференциямен жалғастырды.

Асылына қан жалатқанзаманның,

Зәрлі уына тұншыққансан Алашым.

Қанды нәубет ешбіржанды аямай,

Құрбандыққа шалған қазақбаласын.

Қара бастың қамын күйттербүгінгі,

Періште боп көрінгенбір пендедей,

Марапатқа малынбай-ақ өтсе де,

Еңбек етіп кеткен олар телегей!

Бүгінгібір арайлаған ақ таң да,

Бұлтты сүйген анаутұрған тау басы.

Сайын дала, күмбіркүлкі бәрін де,

Қалды олардың қолдарыныңтаңбасы!

Керек емес өлгенжанға атақ-даңқ,

Не болмаса көше, қала аттары.

Кейінгі ұрпақ өнеге етер істерін,

Тек рухы қолдап сені жатады!

Сондай шара өтті кеше Созақта,

Күй жайлады теріскейдіңдаласын,

Арда тұтқан ардақтысын құрметтеп,

Алаш жұрты мерейледі баласын!

Айтулы, тарихи шарада ауданның бірқатар азаматтарыаяқтарынан тік тұрып қызмет етіп,шараныңөз деңгейінде өтуіне атсалысты. Мекеме, мектеп басшылары, қоғам белсенділері мензиялы қауым өкілдері өздерін  Созақ жұртыныңынтымақ пен бірлікте, жемісі мол тірлікте еңбек етіп жүргендігінің шынайыбелгісін іс жүзінде көрсете білді. Аудандық мәслихат хатшысы Бегімбет Байғараев,аудан әкімінің орынбасарлары Бағдат Айдарбеков, Бекзат Әлмағанбет, АқәділСатыбалды, Нәзір Төреқұлов атындағы ІТ лицейінің директоры Гүлсара Әлімбекова, ұстазӘшірхан Шойынбетов сияқты ел қызметшілері шараны шебер ұйымдастырып, бүкіл теріскей халқының ақ батасына молығып,ризашылықтарына кенелді.

МақсатҚарғабай

Тегтер: