08:44, 16 Маусым 2021
Не болды? Депутаттар биыл демалайын деді...
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.
Палаталардың бірлескен отырысы 2021 жылғы 21 маусымда сағат 10-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылды. Ол отырыста үкімет тағдыры шешіліп, Асқар Мамин оставкаға кетеді деген сыбыстар да тарай жөнелді. Әй, қайдам. Қазір нағыз жаздың кезі емес пе еді? Дәу де болса ол отырыста парламент палаталарының кезекті каникулы жарияланатын сықылды. Шілде айынан бастап дегендей… Айтпақшы, былтыр жазда коронавирус өршіп, депутаттар дұрыс демала алмай қалған еді. Енді соның есесін биыл қайтарар: қазір өзі біртіндеп қалыпты өмірге қайтып келе жатырмыз. Сонымен, биыл депутаттар демалады дей беріңіз.