NEET санатындағы жастар: Ақмола облысында 200 жасқа кәсіпкерлік сабақтары өтілді
2023 жылдан бастап еліміздегі NEET санатындағы жастарды қолдау күшейтіліп келеді. Соның аясында ҚР үкіметі жастар саясатын қолдау мақсатында тиісті қаулы қабылдаған болатын.
Бұл қаулы нәтижесінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жұмыссыз жастарды жұмыспен қамтуға, ал Мәдениет және спорт министрлігіне жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бірқатар тапсырмалар берілген еді. Аталған қаулы бір жыл ішінде өз нәтижесін беріп келеді. Мысалы, Ақмола облысында NEET санатындағы 200 жасты кәсіпкерлікке баулу бойынша 4 күндік семинар өтті.
Оқу аяснда бірқатар жастарға кәсіпкерлік білім берілді және жастар еңбер нарығын зерттей отырып түйіндемені дұрыс жазу, жұмысқа тұрарда әңгімелесуден сәтті өту және т.б жұмысқа қажетті дағдыларды үйренді.
Бұл семинар жастарға үш модуль – “NEET жастарының цифрлық дағдыларын арттыру”, “Жұмыс іздеу дағдыларын арттыру” және “Кәсіпкерлік дағдыларын жетілдіру” бойынша оқу сабақтарын өткізді.
Жастар аталған модульдің алғашқысы бойынша жұмыс табу бойынша қажетті мәліметтер алса, екінші модуль бойынша кәсіпкерлік дағдылапын дамытты. Ал үшінші модуль бойынша жастар электрондық үкімет сайтында (egov.kz) мемлекеттік қызметтерді пайдалану бойынша оқыту ұйымдастырылды.
NEET санатындағы жастар деген кімдер?
NEET буыны (Not in Education, Employment or Training) - әртүрлі экономикалық, әлеуметтік немесе саяси факторларға байланысты жұмыс істемейтін немесе оқымайтын жастар санаты. NEET аббревиатурасы алғаш рет Ұлыбританияда ХХ ғасырдың аяғында қолданыла бастады, бірақ кейін ол басқа елдерде, мысалы, Жапония мен Латын Америкасында белсенді түрде қолданысқа енгізілді.
Елімізде бұл санаттағы жастары үлесі басқа елдермен салыстырғанда анағұрлым төмен. Мысалы, былтырғы статистикаға сүйенсек, NEET жастарының үлесі 6,3 пайызды құрайды. Ел үкіметі бұл үлесті әлеуметтік қолдау, білім алуға және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу арқылы азайту үшін жүйелі шаралар қабылдаудап жатыр. Солардың арасында жастар саясатын қолдайтын бірнеше жобалар бар. Олардың ішіне: «Жастар тәжірибесі», «Алғашқы жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісім-шарты» жобалары кіреді.
Бірінші бағдарлама жоғары оқу орындары мен колледждердің түлектеріне мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуға және одан әрі жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді. Түлектер мемлекеттік ұйымдарда да, жеке кәсіпорындарда да тура бір жыл тәжірибеден өтеді. «Алғашқы жұмыс» және «Ұрпақтар келісім-шарты» жобалары да жұмыссыз жастарға арналған.
Одан бөлек 2014 жылдан бастап «Серпін» жобасы жүзеге асырылуда, оның аясында жұмыс күші көп оңтүстік өңірлердің жастары жұмыс күші тапшы солтүстік өңірлерде оқып, жұмысқа орналаса алады. Олардан бөлек тұрғын үй алудың жалдамалы әлеуметтік бағдарламалары және бизнесті ашудың мемлекеттік бағдарламалары бар. Мемлекеттік жастар саясатының 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес жоғарыда аталған көрсеткішті 3,5 пайызға дейін төмендету көзделген. Осы мақсатта кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайту, гранттар мен жеңілдетілген несиелер беру, сондай-ақ 2,3 миллион адамды жұмыспен қамту шаралары қарастырылған.
Ақмоладағы семинар жастарға не береді?
Ақмоладағы семинарға 14 пен 35 жастағы жастар қатысып, кәсіпкерлік туралы біліктілігін арттырды. Курс барысында жастар кәсіби мамандар мен кәсіпкерлерден құнды тәжірибе мен сабақ алды. Үшінші күні іріктелген 20 жасқа арнайы сертификат берілді. Дәл осындай жастарды жұмыспен қамту мақсатында алдағы уақытта Қызылорда мен Қостанай облыстарында да семинарлар өткізілмекші.