Неліктен «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмін прокаттан алып тастады?

«Міржақып. Оян, қазақ!» фильмінің режиссері Мұрат Есжан кинокартинаның кинотеатрларда көрсетілуі неліктен тоқтатқанын айтты.
Фильм жазушы Міржақып Дулатовтың өмірінен сыр шертеді, сонымен қатар Қазақстандағы тарихи оқиғаларды қамтиды. Сюжет 30-шы жылдардағы Голодомор, Алаш Орда қозғалысы мен оның жетекшілерінің қызметі туралы айтады. Басты кейіпкерді Бақыт Қажыбаев, ақынның жары Ғайнижамал рөлін актриса Зарина Кәрмен сомдады.
Драма 21 қыркүйекте кинопрокатқа шықты. Қазір бұл фильмді кинотеатр плакаттарынан кездестіру мүмкін емес.
Режиссер Мұрат Есжан алдын ала жоспар солай болғанын айтты.
«Прокаттың бізге қатысы жоқ болса да пікір білдіріп өтейін. Фильм 21 қыркүйекте көрсетіле бастағанын және екі апта бойы прокатта болғанын білесіз. Кейін 4 қазанға дейін ұзартылды. Бұл жағдайда ешкімді кінәлаудың қажеті жоқ, өйткені алдын ала солай жоспарланған. Фильмді тамашалауға және өз әсерлерімен бөлісуге уақыттары мен қаражаттарын жұмсаған көрермендерге алғысымыз шексіз. Көріп үлгермегендер үшін өте жақын арада онлайн платформаларға шығады», - деп жазды ол.