Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:04, 08 Қыркүйек 2025

Нетаньяху: Газа қаласынан 100 мыңға жуық адам көшіп кетті

Газа
Фото: Reuters

Израиль премьер-министрі Нетаньяху Газа қаласынан 100 мыңға жуық тұрғын көшкенін мәлімдеді.

 

 Оның айтуынша, бұл жағдай Мзраиль армиясы жоспарлап отырған әскери операция аясында орын алып отыр, деп хабарлайды Reuters.

ХАМАС тұрғындарды қалқан ретінде ұстап отыр

Нетаньяху:
"Газаны 100 мыңға жуық адам тастап шықты. Алайда ХАМАС оларды шығармау үшін барын салып, “тірі қалқан” ретінде пайдаланып жатыр. Израиль террористерге соққы береді, ал бейбіт халыққа қаланы тастап кету мүмкіндігін ұсынамыз», - деді.

6 қыркүйекте Израиль армиясының ресми өкілі Авичай Адре қала тұрғындарының Хан-Юнус маңындағы арнайы белгіленген аймаққа көшірілетінін хабарлаған.

Бұл жерде азық-түлік, медициналық көмек және уақытша баспана берілетін «гуманитарлық зона» құрылатыны айтылды.

Айта кетейік, Израильдің Газа секторындағы әскери операциясы 2023 жылдың 7 қазанында ХАМАС ұйымдастырған шабуылға жауап ретінде басталған. Ол шабуылда шамамен 1200 адам қаза тапқан, 251 адам тұтқынға алынған.

Сол уақыттан бері Газа денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, 63 мыңнан астам палестиналық қаза тапқан. Қазір Газа қаласындағы үйлердің 90%-дан астамы қираған немесе бүлінген, денсаулық сақтау, су және санитарлық жүйелер істен шыққан. Өткен аптада аймақта ашаршылық ресми түрде тіркелді.

Израиль билігі Газа қаласына құрлық әскерін кіргізер алдында тұрғындарды түгелдей эвакуациялау жоспарын қарастырып жатыр.

Тегтер: