Нетаньяху: ХАМАС толығымен жойылғанша Израиль соғысты жалғастырады
Израиль кепілге алынғандарды босату үшін соғыс қимылдарын уақытша тоқтатуға дайын болса да, ХАМАС толығымен жойылғанша соғысты жалғастырады. Бұл туралы Израиль министрлер кабинетінің басшысы Биньямин Нетаньяху мәлімдеді.
Ал, кепілге алынғандардың туыстары Нетаньяхуды Америка Құрама Штаттары делдалдық жасаған жаңа келісімнен бас тартты және қалған израильдік тұтқындардың обалына қалды деп айыптады.
Премьер-министр кеңсесі Хамастың қазіргі келісімге қарсы екенін және жаңа талаптар қойып жатқанын хабарлады. Бұған дейін америкалық дипломаттар келіспеушіліктерді шешу жұмыстары қарқынды жүріп жатқанын атап өткен.
Ал, ХАМАС өкілдері Израиль әскерлері алдымен Газа секторын тастап кетуі керек, содан кейін ғана кепілге алынғандарды босату туралы айтуға болатынын мәлімдеген.
Сонымен қатар, Нетаньяху Газа секторындағы соғыс қимылдарының белсенді фазасы аяқталып жатқанын, бұл Ливанмен шекараға айтарлықтай күштерді тасымалдауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Бұған дейін БАҚ израильдік әскерилерге сілтеме жасап, «Хезболла» тобының позицияларына қарсы шабуыл жоспары дайын екенін хабарлаған.