Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:30, 28 Шілде 2023

Нидерланд жағалауында 2857 автомобиль тиеген кеме өртенді

None
None

Амеланд аралы маңында Германиядан Египетке үш мыңға жуық автомобиль апара жатқан Fremantle Highway кемесі отқа оранды.

Экипаж мүшелері өртті ауыздықтай алмай, жеті адам суға секіруге мәжбүр болған.

Алдын ала мәлімет бойынша кемеде болған 25 электромобильдің бірі тұйықталып, өртке себеп болыпты. Экипаждың бір бөлігі ашық теңізге секірген. Автотасығыш көлемін ескерсек, бұл 6 қабатты үйдің төбесінен секіргенмен бірдей екен. Теңізшілерді жеңіл қайықпен жағаға шығарған, қалғанын палубадан түсіру үшін тікұшақ қолданған.

Нидерланды жедел қызметі өртпен күресті жалғастырып жатыр. Отынның теңізге жайылуына жол бермеу шараларын да қолға алды. Жоспар бойынша жанған кемені негізгі теңіз сауда жолынан сүйреп алып тастау керек. Апат болған аймақта уақытша ұшақ ұшпайды.

Freemantle Highway Volkswagen зауытына жақын орналасқан Бремерхафен портынан шыққан. Жергілікті БАҚ түсініктеме алу үшін өндірушіге хабарласыпты. Компания апаттан хабардар екенін айтқанмен, кемеге тиелген көліктер туралы мәлімет беруден бас тартты.

Тегтер: