Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:15

Нигерияда ұрланған 303 қыздың 100-і босатылды: қалғандарының тағдыры әлі белгісіз

1
Фото: korrespondent.net

Нигерияда қараша айында содырлар ұрлап әкеткен Әулие Мария католик интернатының 100 оқушысы босатылды.

Бұл туралы AFP агенттігі БҰҰ-дағы дереккөзге және Нигерия президенті өкілінің мәліметіне сүйеніп хабарлады.

7 желтоқсанда босатылған балалар Нигерия астанасы Абуджаға жеткізілді. Оларды 8 желтоқсанда Нигер штатының билігіне тапсыру жоспарланып отыр. Қыздардың қандай жолмен босатылғаны – әскердің арнайы операциясы арқылы ма, әлде келіссөз нәтижесінде ме әзірге белгісіз.

Контагора епархиясы басшысының өкілі Даниэль Атори бұл жаңалықтың расталса, бүкіл қауым үшін үлкен үміт екенін айтты, алайда ресми растау әлі жетпегенін атап өтті.

Ұрланғандардың басым бөлігі әлі табылған жоқ

22 қарашада содырлар 303 қыз оқушы мен 12 мұғалімді интернаттан алып кеткен. Олардың 50-і қашып құтылғаны белгілі болған, бірақ 265 адамның тағдыры әлі анық емес.

Кейінгі онжылдықта Нигерияда адамдарды ұрлау оқиғалары жиілеп, мыңдаған адамның өмірін қиған. Қарулы топтар ауылдық аймақтардағы мектептер мен тұрғындарды нысанаға алып, құн талап етеді. Олар бірнеше штатқа созылған орманды аймақтарда жасырын жүреді.

«Боко Харам» тобы 2014 жылы 276 мектеп қызын ұрлап әкеткеннен кейін әлемдік қауымдастық Нигериядағы қауіпсіздік мәселесіне назар аударған еді. Amnesty International деректері бойынша, сол қыздардың 82-сі әлі күнге дейін табылмаған.

Тегтер: