Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 09:00

Нигерияда жолаушылар кемесі аударылып, 25 адам қаза тапты

Нигерия
Фото: haberler.com

Нигерияның солтүстік-шығысындағы Йобе штаты аумағында жолаушылар кемесі аударылып, 25 адам көз жұмды. Бұл туралы Anadolu Ajansı хабарлады.

Оқиға жайлы Йобе штатының төтенше жағдайларды басқару агенттігінің (SEMA) бас хатшысы Мохаммед Годже мәлімдеді. Оның айтуынша, кеше кешкісін жолаушыларды Йобе штатынан Джигава штатына кетіп бара жатқан кеме Нгуру ауданы маңындағы өзенде аударылған.

Годженің дерегінше, апаттан кейін 13 адам құтқарылған, алайда 14 адам әлі де із-түзсіз жоғалған. Оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Айта кетейік, Нигерияда кемелермен байланысты апаттар жиі тіркеледі. Осыған байланысты 2025 жылғы 10 қыркүйектен бастап ел көлемінде лицензиясы жоқ кемелерді пайдалануға тыйым салынған. Бұл шара мұндай қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында енгізілген.