Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:47

Нигериядағы мешітке жасалған шабуылдан 30 адам қаза тапты

Нигерия
Фото: Anadolu Agency

Нигерияның Кацина штатында қарулы топ мешітке намаз кезінде шабуыл жасап, кемінде 30 адам қаза тапты.

Малумфаши округінің депутаты Амин Ибрагимнің айтуынша, қанды оқиға штаттың Мантау ауданындағы мешітте болған. Қарулы топ намазға жиналған халыққа оқ жаудырған.

Ибрагимнің сөзінше, соңғы уақытта Кацина штатының әртүрлі аймақтарында мешіттерге бағытталған шабуылдар жиілеп кеткен. Ол парламент пен штат билігін халықты қорғау үшін қауіпсіздік күштерін шұғыл түрде орналастыруға шақырды.

Нигерияда қарулы топтар қаупі әлі де жоғары деңгейде. Әсіресе ISWAP (Ислам мемлекеті – Батыс Африка провинциясы) және «Боко Харам» секілді экстремистік ұйымдар тұрғындарға жиі шабуыл жасап келеді.

Бұл ұйымдар кейінгі жылдары Нигерияның солтүстігі мен орталық аймақтарында мыңдаған адамның өмірін қиды, миллиондаған тұрғынды баспанасынан айырды.

Тегтер: