Нигматулиннің ұлына қатысты қылмыстық іс әлі де тергеліп жатыр
Экс-Мәжіліс спикері Нұрлан Нигматулиннің ұлы Нұржан Нұрлановқа қатысты қылмыстық іс әлі де Алматы қаласының Экономикалық тергеу департаментінде (ДЭР) қаралып жатыр.
Бұл туралы қала прокуратурасы мәлімдеді.
Прокуратураның ресми жауабында былай делінген:
«Қылмыстық істің тергеуі Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне берілді. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеудегі өзге мәліметтер жария етуге жатпайды».
АПАТ ПЕН АРЫЗ. АҒАЙЫНДЫ НЫҒМАТУЛИНДЕР КӨЗГЕ ТҮСПЕЙІН-АҚ ДЕЙДІ...
Нұржан Нұрланов 2019 жылдың ақпанынан 2022 жылғы Қаңтар оқиғасына дейін «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС бас директоры қызметін атқарған. Бұған дейін – 2018 жылдың қаңтарынан бастап – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің басқарма мүшесі болған. Сондай-ақ оның мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда бірнеше «маңызды» лауазымдарда болғаны белгілі.
Нұрлан Нығматулин мәжіліс спикері қызметінен 2022 жылғы 1 ақпанда кеткен. Ол бұл қызметті екі рет атқарған — 2012–2014 және 2016–2022 жылдары. Бұған дейін ол Президент әкімшілігін басқарған, Қарағанды облысының әкімі де болған.
Ерлан Нығматулин – Нұрланның егіз інісі – мәжілісте де, сенатта да депутат болған.
Арғын Нығматулин – олардың үлкен ағасы – Қарағанды облыстық мәслихатының бұрынғы депутаты.
Нығматулиндер әулетіне қатысты рейдерлік басып алу, қылмыстық құрылымдармен байланыс, қылмыстық істерді қолдан жасау сияқты айыптар бұрыннан айтылып келеді. Соған қарамастан, олар бүгінге дейін бостандықта жүр.
1 сәуірде Нұрлановқа қатысты рейдерлік фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, алайда 9 сәуірде ол бұл іс бойынша күдікті ретінде танылмағаны хабарланды. Мәжіліс депутаты бұл жағдайды құқық қорғау органдарының дәрменсіздігімен байланыстырды.
10 сәуірде бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгельдиев Нұрлан Нығматулиннің ұлы мен інісіне қатысты рейдерлік бойынша арыздардың қаралып жатқанын айтты.
20 сәуірде Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы «Тас-Бұлақ» тау-шаңғы қонақ үйі сатылымға қойылғаны белгілі болды. Оның бұрынғы иесі, кәсіпкер Талғат Ақуов бұл нысан Нығматулиндердің рейдерлік жолмен иемденген мүлкі екенін мәлімдеді.