Нығматуллинге тиесілі зауытта 4 адам қаза тапты

Қарағанды ферроқорытпа зауытында болған апаттан 4 адам қайтыс болды.
Бұрынғы мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің інісі Ерлан Нығматулинге тиесілі YDD Corporation ферроқорытпа зауытындағы апат 20 шілде күні болған.
2024 жылдың 20 шілдесінде таңғы сағат 04:10 YDD Corporation ферроқорытпа зауытында штаттан тыс жағдай орын алды. № 1 пештен кенеттен жалын шығып, нәтижесінде кәсіпорынның 8 жұмысшысы әртүрлі дәрежеде жарақат алды, делінген хабарламада.
Одан кейін 4 жұмысшы қаза тапқаны хабарланды. Олар:
- пеш бастығы Исмайлов Музафар Имантайұлы;
- технолог Қазкен Ерұлан Қайырбекұлы;
- балқыту цехының механигі Адамчук Дмитро;
- бас механик қызметінің шебері Жетпісбаев Төлеген Елеуұлы қайтыс болды.
Ekaraganda.kz басылымының ақпаратынша, Ерлан Нығматулинге тиесілі YDD Corporation ферроқорытпа зауытында болған апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалған.
«Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 156-бабының 2-бөлігі «Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде», - делінген хабарламада.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
⠀