Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 11:00

Николас Мадуро Бруклиндегі тергеу изоляторына жеткізілді

Мадуро
Фото: ашық дереккөз

Венесуэланың қазіргі басшысы Николас Мадуро Нью-Йорк қаласындағы Бруклин ауданында орналасқан тергеу изоляторына жеткізілді.

Алдағы аптада ол Манхэттеннің федералды соты алдында есірткі мен қару-жарақ контрабандасына қатысы бар деген айыптар бойынша жауап береді. 

Трамп жариялаған сурет және «Монро доктринасы»

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында Мадуроның ұсталғаннан кейінгі алғашқы суретін жариялаған. Суретте Венесуэла лидері сұр түсті спорттық киімде, бетінде қара маска, қолында су бөтелкесі бар күйде бейнеленген.

Ал Венесуэлада Мадуроның ұсталуынан кейін билік тізгіні вице-президент Делси Родригес қолына өтті. Ол АҚШ-тың әрекетін заңсыз деп атап, Мадуроны дереу босатуды талап етті. Родригестің айтуынша, Венесуэла өз егемендігін, табиғи ресурстарын және мемлекеттік тәуелсіздігін қорғауға дайын.