10:54, 17 Сәуір 2024
Нүкенованың өліміне қатысты ресейлік сарапшылардың қорытындысы қабылданбады
Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр.
Бүгінгі сот отырысында судья Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты ресейлік сарапшылардың қорытындысын қабылдамады.
Оның айтуынша, Бишімбаевтың қорғаушылары ұсынған мәскеулік сарапшылардың қорытындысы іс материалдарына қосуға жарамсыз. Себебі, сараптамаларда Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптары бұзылған.